425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде газдан жарылыс болған үйде қаза тапқандар саны артты

  • 997
  • UPD: 10:05, 02.01.2019

Магнитогорсктегі тұрғын үйдегі жарылыстан қаза тапқандардың саны артты. Екі күн ішінде қирандылардың астынан 9 адамның мәйіті табылды.

Тағы 30-дан астам тұрғынның тағдыры әлі белгісіз. Төтенше жағдайлар министрлігі «100-ден астам құтқарушы тартылғанымен, қирандыларды аршу жұмысы бірнеше күнге жалғасады» дейді. Апатты жағдайдағы үйдің қалған қабырғалары құлап кетпес үшін ауыр техника қолданылып жатқан жоқ. Естеріңізге салсақ, Магнитогорскте желтоқсанның 31-де таңғы сағат 4-тер шамасында 9 қабатты үйде тұрмыстық газ жарылды.  Салдарынан 26 пәтерлік тұтас бір подъезд опырылып ортасына түсті. Аталған пәтерлерде 46 адам тұрған.  Осы  іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжамға сәйкес, тұрмыстық газды қолдануда сақтық ережесі өрескел бұзылған.

Хабар 24 телеарнасы