386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті

  • 402
  • UPD: 09:52, 02.01.2019
Бразилияның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті

Бразилияда жаңа президент Жаир Болсонару ресми түрде қызметіне кірісті. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі Ұлттық конгрессте шетелдік қонақтар, заң шығарушы және сот билігі өкілдері қатысуымен өтті.

Болсонару парламент алдында ант қабылдап, сөз сөйледі. 63 жастағы саясаткер онда бразилиялықтар демократиялық жолмен таңдап алған бағдарламаны жүзеге асырып, халықты қайғы-қасіретке душар ететін солициалистік идеологиядан бас тартатынын жеткізді. Еске сала кетейік, Бразилияда қазанның 28-і күні президенттік сайлаудың екінші туры өтіп, Социал-либерлды партияның өкілі Жаир Болсонару жеңіске жеткен болатын. Болсонару 1985 жылдан бері алғаш рет билік басына келген әсіре оңшыл саясаткер.

Хабар 24 телеарнасы