426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскіде апаттан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

  • 718
  • UPD: 12:23, 02.01.2019
Магнитогорскіде апаттан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

Ресейдің Магнитогорск қаласында құлаған үйдің қирандыларының астынан 11 адамның мәйіті табылды. 

Бұл туралы Челябинск облысы бойынша ТЖМ ММ өкілі хабарлады.

Ал осыған дейін апаттан қаза тапқандар саны 9 адамға жеткенін хабарлаған едік.

Соңғы табылған екі мәйіттің біреуі сәбидікі болып шықты.

Еске сала кетсек, 31 желтоқсан күні Магнитогорск қаласында тұрмыстық газ жарылысынан тұрғын үйдің бір подъезді толық қирап қалған болатын.

RT

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы