385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Кеңесіндегі төрағалық Румынияға өтті

  • 401
  • UPD: 12:13, 02.01.2019

Еуроодақ Кеңесінің төрағалығы Румынияға өтті. Алдағы 6 айда Бухарест Одақтың саммитттері мен кездесулерінің күн тәртібін үйлестіретін болады.

Бұған дейін Румыния премьер-министрі Виорика Дэнчилэ төрағалық ету кезіндегі басты бағыт: Еуропаны жақындастыру, қауіпсіздік, жаһандану және ортақ құндылықтарды дамыту екенін атап өткен. Румын үкіметі басшысының айтуынша, ұйымшылдық Еуроодақтың бәскелестігін артырады. Ал сарапшылардың айтуынша, Румыния төрағалығы брексит, жалпыеуропалық сайлау секілді күрделі мәселелермен тұспа-тұс келіп отыр.

Жан-клод Юнкер, Еурокомиссия президенті:

Румыния төраға болған тұс ЕуроОдақ үшін маңызды кезеңге сай келді. Шешімін таппаған мәселе көп, соларға тіке араласуына тура келеді. Біздер Румынияның жақын арады Шенген аймағына кіргенін қалаймыз. Сонда қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндігі артар еді.

Виорика Дэнчилэ, Румыния премьер-министрі:

Төрағалық еткеннен кейін басты бағыттарды айқындап алғанымыз жөн. Келесі айлардағы күн тәртібінің тақырыптарын талқыладық. Оны жүзеге асыру үшін құрлықтың барлық елдері мен саяси институттары қатысатын болады. Румыния ЕуроОдақ елдері арасындағы тепе-теңдік сақталуына және келісімге иек артатыны жайында қадап айту керек.

Хабар 24 телеарнасы