387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейрода отшашуға 16 тонна пиротехника жұмсалды

  • 301
  • UPD: 12:16, 02.01.2019

Рио-де-Жанейроның Копакабана жағажайында мерекелік отшашуды тамашалауға 2 миллионнан астам адам жиналған.

Туристік қаланың аспанында 10 минут бойы жалғасқан түрлі-түсті отшашуға, 16 тонна пиротехника жұмсалыпты. Сондай-ақ келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2000-ға жуық тәртіп сақшысы тартылған. Ал Мехикода жиналған мыңдаған жұрт 2019-шы жылды дәстүрлі отшашусыз қарсы алды. Оның орнына  орталық саябақта лазерлі шоу ұйымдастырылды. Билік өкілдерінің айтуынша, мемлекет қоршаған ортаны қорғау үшін биылғы жылы пиротехникадан бас тарту шешімін қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы