384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда ер адам жұртты көлікпен қағып кетті

  • 387
  • UPD: 13:12, 02.01.2019
Германияда ер адам жұртты көлікпен қағып кетті

Германияның батысындағы Боттроп пен Эссен қаласында автокөлік жаяу жүргіншілерді қасақана келіп қаққан.

Салдарынан 4 адам зардап шекті.  Полиция бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалап отыр. Билік өкілдерінің пікірінше, жүргізуші бұл қастандықты шетел азаматтарына қарсы әдейі ұйымдастырған. 

Айта кетейік, 50 жастағы ер адам алдымен Боттроп қаласындағы бір топ адамды басып өтпек болған. Одаң соң Эссенде автобус аялдамасындағы жаяу жүргіншілерді қасақана келіп қаққан. Олардың басым бөлігі мигранттар болған. Заң бұзған қылмыскер тұтқындалды. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті ксенофобия немесе психологиялық ауруға шалдыққан азамат болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы