389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы жер сілкінісінен теміржол қатынасы тоқтады

  • 407
  • UPD: 14:56, 02.01.2019
Италиядағы жер сілкінісінен теміржол қатынасы тоқтады

Италияның Аквила аймағында қаңтардың бірі күні кешкі уақытта 4 балдық жер дүмпуі сезілді. Сондай-ақ жер сілкінісі Абруцио, Лацио және Римнің кейбір аудандарында байқалды.

Қазір Рим-Аквил бағыты бойынша қатынас тоқтап тұр. Әзірге зардап шеккендер жайлы ешбір ақпарат жоқ.

Естеріңізге салсақ, Сицилия аймағында зілзаланың салдарынан 28 адам түрлі жарақат алған. 300-ден астам адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Италиядағы ең жойқын зілзала 2016 жылы болған еді. Ол кезде табиғи апаттан 295 адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы