427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскідегі құтқару жұмыстары қайта тоқтатылды

  • 1006
  • UPD: 21:58, 02.01.2019
Магнитогорскідегі құтқару жұмыстары қайта тоқтатылды

Оған себеп - жарылыстан аман қалған үй қабырғасының құлау қауіпінің туындауы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қоса, ауа райына байланысты апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу қиынға соқпақ. Синоптиктер түнде сынап бағанасы 24 градусқа дейін төмендейді деп отыр. Соңғы келіп түскен ақпарға сәйкес, үй қирандыларының астынан 22 адамның денесі табылды. Он тоғызының аты-жөні анықталған. 20 адамның, оның ішінде 5 баланың тағдыры әлі белгісіз.

Мәлім болғандай, үш адамның жерлеу рәсімі қаңтардың 4-іне белгіленді. Жергілікті әкімшілік те жарылыстан қаза болғандар мен зардап шеккендерге өтемақыны қаңтардың 4-інен бастап төлейтін болады.

Естеріңізге салсақ, 31 желтоқсан күні тұрмыстық газ жарылып, салдарынан 9 қабатты үйдің тұтас бір кіреберісі опырылып түсті. 25 пәтер толығымен жойылды. Тағы 10 пәтерге зақым келген. Мамандар жарылыс болған үйдегі үш подъездегі пәтерлерде қалу қауіпті деп бағалады. Сол себепті, тұрғындардың дені екі мектепке орналастырылды.

Хабар 24 телеарнасы