429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венецияға барған әрбір турист арнайы салық төлейтін болады

  • 1035
Венецияға барған әрбір турист арнайы салық төлейтін болады stogorodov.ru

Венецияға қыдырып келген әрбір турист арнайы салық төлеуі тиіс.

Дүниенің әр шетінен ағылып келетін саяхатшылардың кесірінен қаланы күтіп ұстау қиынға соғып барады. Осылайша, Венеция билігі мәселені туристердің есебінен шешуді жөн көріпті. Салықтың мөлшері маусымға байланысты 2,5 еуродан 10 еуроға дейін болмақ. Қала бюджетін толықтыруға бағытталған жаңа ереже шілде айында күшіне енеді. Венецияға үлкен лайнермен күнұзаққа тоқтайтын саяхатшылар бұған дейін ешбір салық төлемеген еді. Енді жаңа ережеге сәйкес, түнемей-ақ қаланы тек күндізгі уақытта аралағысы келетіндер салық төлеуге міндеттеледі. Ал Венецияға бірнеше күнге қыдырып келетін адамдар мұндай салықты жалдамалы үй немесе қонақүйдің ақысына қосып төлейді. Қала әкімшілігі бюджетке кірісті жылына 50 миллион еуроға дейін арттыруды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы