378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрд жасақтары Манбидж қаласынан шығарылуда

  • 542
  • UPD: 10:11, 03.01.2019
Күрд жасақтары Манбидж қаласынан шығарылуда

Күрдтер Сирияның Манбидж қаласы үкімет әскерінің бақылауына өтуіне байланысты өз жасақтарын алып кете бастады.

Бұл туралы сириялық әскерилер мәлімдеді. Олардың айтуынша, қаладан шыққан күрд жасақтарының керуені Ефрат өзенінің шығыс жағалауына қарай бет алған. Операция шам елінің солтүстігінде бейбіт өмір орнату келісіміне байланысты жүзеге асырылуда. Еске сала кетейік, Түркия президенті желтоқсанның 12-сі күні Ефрат өзенінің шығыс жағалауында әскери операция жүргізетінін мәлімдеп, өз күштерін шекара маңына шоғырландырған еді. Осыдан кейін Манбидждегі күрд жасақтары Сирия үкіметімен келіссөз жүргізіп, шаһарды беру туралы уағдаластыққа қол жеткізген. Нәтижесінде желтоқсанның 28-сі күні үкімет әскері Манбидж қаласына кірген болатын.

Хабар 24 телеарнасы