425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскідегі апаттан қаза тапқандар саны 39 адамға жетті

  • 779
  • UPD: 20:03, 03.01.2019
Магнитогорскідегі апаттан қаза тапқандар саны 39 адамға жетті

Магнитогорскідегі апат кезінде қаза тапқандардың саны артып, 39-ға жетті. Олардың арасында 6 бала бар.

5 адам құтқарылды. Тағы 3 тұрғын  іздестіріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 31-і күні тұрмыстық газ жарылып, салдарынан 9 қабатты үйдің тұтас бір подъезді опырылып түсті. 25 пәтер толығымен жойылып, 10 шақты пәтерге зақым келген. Жарылыстан зардап шеккендерге қазір психологиялық көмек көрсетілуде. Оған 40 психолог маман тартылған. Сондай-ақ қаза тапқандар отбасылары мен зардап шеккендерге өтемақы төлемдері бүгіннен бастап беріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы