426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскідегі апат орынында іздестіру операциясы аяқталды

  • 1151
  • UPD: 22:21, 03.01.2019
Магнитогорскідегі апат орынында іздестіру операциясы аяқталды

Магнитогорск қаласында бір бөлігі опырылып түскен көп қабатты үй қирандылары астынан адамдарды іздестіру операциясы аяқталды.

Бұл туралы Ресей ТЖМ орынбасары Александр Чуприян мәлімдеді.

«Жарты сағат бұрын соңғы мәйітті тауып, алып шықтық. Және қирандылар астында ешбір мәйіт қалмағанына кепілдік береміз. Сол себепті іздестіру-құтқару операциясы осымен аяқталды», — деді Чуприян.

Еске сала кетсек, осыған дейін қирандылар астынан 39 адамның мәйіті табылғанын хабарлаған едік.

RT

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы