426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскіде құтқару жұмыстары аяқталды

  • 1568
  • UPD: 08:43, 04.01.2019
Магнитогорскіде құтқару жұмыстары аяқталды

Магнитогорскіде жарылыс болған үйдегі апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды. Үйінділер астынан басқа ешкім табылмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Александр Чуприян хабарлады.

Естеріңізге салсақ, 31 желтоқсан тұрмыстық газ жарылып, салдарынан 9 қабатты үйдің тұтас бір кіреберісі опырылып түсті. 25 пәтер толығымен қирап, 10 шақты пәтерге зақым келген. Құтқарушылар үйінділердің астынан 39 адамның денесін тапты. Оның алтауы бала. Бес адам мен 11 айлық нәресте құтқарылды. Қазір жарылыстан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілуде. Қайтыс болған адамдардың отбасыларына миллион рубль, ал жарақат алғандарда 200 бен 400 мың рубль аралығында өтемақы төленеді. Сондай-ақ зақым келген пәтер иелеріне де өтемақы тағайындалады. Ал жарылыстың кесірінен баспанасыз қалғандарға пәтер беріледі.

Хабар 24 телеарнасы