Қытайлық зонд адамзат тарихында тұңғыш рет Айдың арғы бетіне қонды
- 1293
- UPD: 09:29, 04.01.2019

Қытайлық «Чанъэ-4» зонды адамзат тарихында тұңғыш рет Айдың арғы бетіне қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған дейін ғарыш аппараттары тек айдың арғы жағын бірнеше рет айналып өткен. Бірақ ешқайсысы қонбаған болатын. Айта кетерлігі, зонд 8 желтоқсан күні Сичан ғарыш айлағынан ұшырылған. Жер серігінің арғы бетіне қонғаннан кейін фотосуреттерді жібере бастады. Зондтың Ай кезетін құралы бар. Ол қонған аймақта геологиялық зерттеу жүргізіп, тірі ағзаларды өсіру бойынша тәжірибе жүргізбек. Аталған модуль 10 тәулік бойы күн батареясынан қуат алады.