421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-Қытай сауда қатынасын реттеуге арналған кезекті келіссөз күні белгілі болды

  • 824
  • UPD: 15:05, 04.01.2019
АҚШ-Қытай сауда қатынасын реттеуге арналған кезекті келіссөз күні белгілі болды

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасын реттеуге арналған кезекті келіссөздің күні белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Бейжіңде 7-8 қаңтар күндері өтеді. АҚШ делегациясын сауда өкілінің орынбасары Джеффри Джериш бастап бармақ.

Еске сала кетейік, желтоқсан айында Аргентинада өткен үлкен жиырмалық саммиті кезінде президент Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин кездескен болатын. Басқосуда Трамп қаңтар айынан бастап 90 күн ішінде қытайлық тауарларға тағы 10-25 пайыздық салық салмауға келісті. Ал Қытай басшысы Құрама Штаттардан әкелінетін ауыл шаруашылық өнімдері мен өзге тауарлардың көлемін арттырып, екі ел арасындағы сауда балансын реттеуге уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы