425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскідегі апаттан қайтыс болғандармен қоштасу рәсімі басталды

  • 1006
  • UPD: 15:23, 04.01.2019
Магнитогорскідегі апаттан қайтыс болғандармен қоштасу рәсімі басталды

Магнитогорскідегі қайғылы оқиғада қаза тапқан 39 адамның аты-жөні анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге салсақ, 31 желтоқсан күні Челябі облысындағы Магниторск қаласында тоғыз қабатты үйде жарылыс болып, тұтас бір кіреберіс опырылды. 6 адам, оның ішінде 11 айлық нәресте құтқарылды. Арнайы жасақтар үйінділер астынан 39 адамның мәйітін алып шықты. Бүгін олармен қоштасу рәсімі басталып кетті. Ал апат болған үйдің маңайын төтенше жағдайлар қызметкерлері қауіпсіздікті сақтау мақсатында қоршап тастаған.

Хабар 24 телеарнасы