427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскідегі апат: қайтыс болғандардың есімі жарияланды

  • 1194
Магнитогорскідегі апат: қайтыс болғандардың есімі жарияланды

Магнитогорскідегі қайғылы оқиғада қаза тапқан 39 адамның аты-жөндері жарияланды.

Естеріңізге салсақ, желтоқсанның 31-і күні Челябі облысындағы Магнитогорск қаласында тоғызқабатты үйде жарылыс болып, тұтас бір кіреберіс опырылды. 6 адам, оның ішінде 11 айлық нәресте құтқарылды. Арнайы жасақтар үйінділер астынан 39 адамның мәйітін алып шықты. Бүгін олармен қоштасу рәсімі басталып кетті. Ал апат болған үйдің маңайын төтенше жағдайлар қызметкерлері қауіпсіздікті сақтау мақсатында қоршап тастаған. Бүгінде жарылыстан зардап шеккен 90 адам тиісті өтемақысын алды. Аталған іс бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар оқиға орнында ешбір жарылғыш заттың қалдықтары табылмағанын айтады. Тергеу комитетінің өкілдері «аталған оқиғаға тұрмыстық газ құбырының жарылуы себеп болуы мүмкін», – дейді.

Хабар 24 телеарнасы