384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың ғарыш аппараты Айдың арғы бетінен алғашқы суреттер жіберді

  • 819
  • UPD: 21:07, 04.01.2019

Қытайдың ғарыш аппараты Айдың арғы бетіне зерттеу жабдықтарын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – адамзат тарихында бұрын болмаған оқиға. Жер серігінің бізге көрінбейтін тұсынан алғашқы суреттер де жіберілді. Ал Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары «адамзат үшін Айды зерттеудің жаңа дәуірі басталды» деп жарыса жазып жатыр.

Нұрбек Бекен, Twitter @NurBekenov

– Қытайдың 2004 жылдан бері «Айды игеру» жөніндегі бағдарламасы бар. Оның ресми атауы «Чанъэ немесе аңыз бен әфсаналдарда кездесетін Ай құдайының есімі берілген. Сонымен Айға қонған «Чанъэ-4» автоматты түрде қонатын модуль мен айда жүретін құрылғыдан тұрады.

Ғарыш аппараты 8 желтоқсанда Сычуань провинциясындағы Сичан айлағынан ұшырылды. Айдың арғы бетіне жеткізілген барлау құрылғысының ұзындығы – 1,5, ал ені 1 метрді құрайды. Оған қоса екі күн панелі мен алты дөңгелегі бар.

Ғарыш аппараты Жер серігіне биологиялық түрлер жеткізді. Олардың қатарында мақта, рапс, картоп, орамжапырақ тұқымдары, шыбын құрттары мен саңырауқұлақтар бар. Бұл материалдар шағын биосфера құрып, Айда алғашқы рет өсімдік өсіру үшін пайдаланылмақ.

Дуая Цюань, Бейжің қаласының тұрғыны:

– Кешелі бері ерекше сезімдемін. Бұл еліміздің қаншалықты күшті екенін көрсетеді. Отанымыз мықты болған сайын адамдардың сапасы да артады. Қытай халқы Айға әрқашан үлкен үміт артып, наным-сеніммен қараған. Халқымыздың мыңдаған жылғы арманы орындалғандай.

Айдың арғы бетіне күн түссе де, Жерден тікелей бақылауға келмейді. Өйткені біздің планета айналып тұрғандықтан, жер серігінің бергі жағы ғана көрінеді. Айдың арғы бетін алғаш рет 1959 жылы кеңестік «Луна-3» ғарышаралық станциясы суретке түсірген болатын.

Сунь Цзэчжоу, «Чанъэ-4» құрылғысының бас конструкторы:

– Біріншіден, Айдың арғы бетіне қону – күрделі міндет. Екіншіден, байланыс орнату үшін күшейту құрылғылары қажет болды.

Жер серігінің арғы беті осы себептер бойынша зерттелмей келген еді.

Бұл мәселелерді шешу үшін Қытай былтыр «Цюэцяо» ретранслятор-серігін ұшырды. Ол байланыс мәселесін түбегейлі шешті. Қытай қазіргі уақытта «Чанъэ-5» жобасын әзірлеп жатыр. Бұл аппарат болашақта Айдағы материалдардың үлгісін жерге тасымалдауды жоспарлап отыр.

Авторы: Нұрбек Бекен

Хабар 24 телеарнасы