419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өлі теңізге құрғап кету қаупі төніп тұр

  • 1412
  • UPD: 07:28, 05.01.2019
Өлі теңізге құрғап кету қаупі төніп тұр

Өлі теңіз ондаған жылдардан кейін жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, су қоймасы жылдан жылға шамамен 1 метрге дейін суалып барады.

Оған жаһан климатының өзгеруі мен техногендік өндіріс себеп. Өлі теңіздің маңайында орналасқан фабрикалар суды бу-лау әдісі арқылы құнды минералдарды өндірумен айналысады. Мамандардың мәліметі бойынша, 2050 жылға қарай Өлі теңіз толығымен құрғап кетуі ықтимал.  Осы себепті теңіз аймағы өмір сүруге жарамсыз болуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде теңіз суы тартылған жерлер қауіпті саналады. Құрғаған аймақ ойдым-ойдым болып кетті.

Хабар 24 телеарнасы