384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде аялдамадағы жарылыстан адамдар зардап шекті

  • 637
  • UPD: 10:33, 05.01.2019
Чилиде аялдамадағы жарылыстан адамдар зардап шекті

Чили астанасындағы автобус аялдамасында жарылыс болып, 5 адам жарақат алды.

Оқиға кезінде жапа шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полицияның хабарлауынша, аялдама қасындағы қоқыс жәшігіне жасырылған бомба атылған. Қазір оны жүзеге  асырғандар іздестіріліп, тергеу жүріп жатыр. Елдің Ішкі істер министрі оқиғаны лаңкестік әрекет деп мәлімдеді. Бірақ жарылысқа қатысты ешбір радикалды топ мәлімдеме жасамаған.

Хабар 24 телеарнасы