387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хакерлер Меркельдің телефон номерін жария қылды

  • 466
  • UPD: 10:52, 05.01.2019
Хакерлер Меркельдің телефон номерін жария қылды

Германияда хакерлер канцлер Ангела Меркель мен тағы жүздеген саясаткердің жеке мәліметтерін жариялады.

Ғаламторға жоғарғы лауазымды тұлғалардың банк картасы туралы ақпардан телефон номерлеріне дейін қойылған. Олардың арасында ел президенті Франк-Вальтер Штайнмайер де бар. Сондай-ақ «Германия үшін балама» партиясынан басқа барлық партияларға да қатысты мәліметтер де қолды етілген. Алдын ала тергеуге қарағанда хакерлер бұл ақпарларды желтоқсан айы бойы жариялап келген. Бірақ хакерлік шабуыл тек бейсенбі күні белгілі болған. Дегенмен, елдің арнайы қызметі хакерлік шабуылдан үкімет серверлері жапа шекпегенін айтады. Ал Үкімет басшысы әкімшілігі ғаламторға қойылған ақпарлар маңызды емес деп мәлімдеді. 

Мартин Фитс, Германия үкіметі баспасөз хатшысының орынбасары:

- Хакерлер Еуропарламент пен Бундестаг шенеуніктерінен бастап, аймақтық депутаттар және мемлкеттік қызметкерлердің де жеке мәліметтерін жариялаған. Үкімет істі мұқият қадағалайтын болады. Қазір онымен барлау, полиция және өзге де арнайы органдар айналысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы