422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда «сары жейделілер» қайта ереуілге шықты

  • 1196
Францияда «сары жейделілер» қайта ереуілге шықты

Францияда «сары жейделілер» қайта көшеге шықты.

Наразылық шарасы елдің Бордо, Тулуза, Лион, Гренобль қалаларында өтті. Ереуілшілер Президент пен үкіметтің отставкаға кетіп, референдум өткізуді қалайды. Ал Париж қаласында манифестке қатысушылар Отель-де-Виль алаңынан Ұлттың Кеңестің ғимаратына дейін жүріп өтті. Тағы жүздеген адам Елисей алаңына жиналды.

БЛИЦ:

– Біздің наразылық шарасына шығуға құқымыз бар. Өйткені билік біздің жағдайымызды жасап жатқан жоқ. Біз құлдықтан шаршадық. Өз тапқан ақшамызды өзімізге жаратқымыз келеді.

– Бізге билік жоғарыдан қарайды. Адам құрлы көрмейді. Макрон бізді ішімізде өшпенділік толған бір топ адам деп санайды. Бүгінгі бейбіт шеру арқылы оның дұрыс емес пікірде екенін дәлелдегіміз келді.

Хабар 24 телеарнасы