386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерге алып астероид жақындап келеді - НАСА

  • 1149
  • UPD: 22:48, 06.01.2019
Жерге алып астероид жақындап келеді - НАСА

NASA агенттігі Жер маңынан алып астероид ұшып өтетінін хабарлады.

«Asteroid 2016 AZ8» деп аталып кеткен аспан денесі Жерге 7 қаңтардың таңында жақындай түседі деген болжам бар. НАСА-дағы реактивті қозғалыс зертханасының ғалымдары астероидтың Жерге жақындауының уақытын Гринвич бойынша таңғы сағат 06:41-де, Астана уақытымен сағат 12:41-де деп шамалап отыр, оның көлемі диапазонда 170 метр және диаметрі 380 метр екен.

Еarth Impact Effects Program есептеуінше, мұндай астероидтың соққы күші тротил эквивалентінде шамамен 3300 мегатоннаны құрайды. Алайда аспан денесі Жермен соқтығысуы мүмкін екені туралы болжам жоқ, 2019 жылдың 7 қаңтарында, яғни дүйсенбі күні «Asteroid AZ8» астероиды ғаламшарымыздан 4,45 млн шақырымда ұшып өтеді. Астероид жылдамдығы секундына 9,15 шақырымнан асады.

Хабар 24 телеарнасы