430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскідегі апаттан зардап шеккендерге төленетін өтемақы мөлшері артады

  • 1017
  • UPD: 17:23, 06.01.2019
Магнитогорскідегі апаттан зардап шеккендерге төленетін өтемақы мөлшері артады

Челябинск облысының билігі Магнитогорскідегі оқиға кезінде жапа шеккендерге өтемақы көлемін көтеретінін мәлімдеді. Дәлірек айтсақ, берілетін қаржылы көмек 66 миллионнан 93 миллион рубльге дейін ұлғайтылады.

Бұған дейін Челябі облысының губернаторы тұрғын үйдің құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 миллион рубль, ауыр және орта жарақат алған азаматтарға 400 мың рубль, ал жеңіл жараланғандарға 200 мың рубль көлемінде өтемақы берілетінін хабарлаған еді.

Еске сала кетейік, желтоқсаның 31-і күні Манитогорск қаласында тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, оның тұтастай бір бөлігі опырылып түскен. Салдарынан 39 адам қаза тауып, 18-і құтқарылған. Іздестіру-құтқару операциясы кезінде тағы 6 адам табылды. Бұл жұмыстар 4 күнге созылды.

Хабар 24 телеарнасы