423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Малайзия Королі тақтан бас тартты

  • 1014
  • UPD: 21:48, 06.01.2019

Малайзия Королі Мухаммад V тақтан бас тартты. Бұл туралы Король сарайының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме таратты.

Ақпаратқа сәйкес, «жоғары мәртебелі» Келантан штатына оралып, халықпен бірге болмақшы екен.

Айта кету керек, монарх Малайзия Королі болуымен қатар Келантан штатының сұлтаны қызметін де атқарған.

Ал осыған дейін қараша айында бұл король 2015 жылы «Мәскеу аруы» атанған Оксана Воеводинамен отау құрған болатын.

AFP

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы