424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Париждегі «сары күртешелілер» ереуіліне әйелдер қосылды

  • 809
  • UPD: 14:48, 07.01.2019
Париждегі «сары күртешелілер» ереуіліне әйелдер қосылды

Париждегі наразылық шарасы басылар емес. «Сары күртешелілер» ереуіліне енді әйелдер де қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүзден астам нәзікжандылар Бастилия алаңына жиналып, Париж көшелерімен жүріп өтті. Сары шарларды қолына ұстаған арулар, Марсельезаны әндетті. Белсенділердің айтуынша, бұл феминистік шеру емес. Керісінше, «сары күртешелілердің» талабын билік өкілдеріне мәдениетті әрі бейбіт түрде жеткізу.

Айта кетейік, жанармай салығын көтеруге қарсы наразылық шарасы өткен жылдың қараша айында басталған еді. Кейінірек саясатқа көңілі толмайтын өзге де тұрғындар ереуілге қосылды. Нәтижесінде билік халықтың айтқанына көнді. Дегенмен, ереуілшілер әлі де шеруді тоқтатар емес.

Хабар 24 телеарнасы