419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда мұз фестивалінде пингвиндер сырғанауды үйренді

  • 1151
  • UPD: 15:08, 07.01.2019
Қытайда мұз фестивалінде пингвиндер сырғанауды үйренді

Харбинде өткен мұз және қар фестивалінде пингвиндер арнайы төбешіктен сырғанап үйренді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Океанариумнан әкелінген сүтқоректілер фестиваль атмосферасына бірден үйреністі.

Айта кетейік, Харбиндегі қысқы шара әлемдегі ең ауқымды фестивальдің бірі болып саналады. Биыл мұз бен қардан жасалған қаланың аумағы 600 мың шаршы метрді құрады. Жыл сайын бұл таңғажайып туындыны тамашалауға Қытай мен өзге мемлекеттерден мыңдаған адам келеді. Ал, Харбин қаласының өзі елдегі ең суық өңірлердің қатарында. Қыс мезгілінде ондағы температура -35 градусқа дейін төмендейді.

Чжан Чжимин, океанариумның бас инспекторы:

Субантарктикалық пингвиндердің айырмашылығы осында. Олар өте көңілді, ақылды, қызығушылығы жоғары болып келеді. Сол себепті адамдарды бұл құстың жақсы жақтарымен таныстырғымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы