429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде мұз үстінде 500-ге жуық театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды

  • 985
Мәскеуде мұз үстінде 500-ге жуық театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды

Мәскеуде Рождествоға орай ұйымдастырылған фестивальге 8 миллион адам қатысты.

Дәстүрлі шара осымен алтыншы рет ұйымдастырылды. Бұл Ресей астанасындағы ең ауқымды фестиваль саналады. Соңғы үш айдың орайында шамамен 4 мыңға жуық адам ұлттық тағам пісіріп, ойыншықтар жасауды үйренді. Осы аралықта мұз үстінде 500-ге жуық театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылған. Мәдени іс-шаралар шаһардың 78 алаңында өтті.

БЛИЦ:

– Мәскеу өте керемет безендіріліпті. Барлығы жарқырап тұр. Жаңажылдық көңіл күй сыйлады.

– Осымен екінші рет келіп тұрмыз. Үйде отырып теледидарға телміргенше, осында келіп, мерекелік шараны көзбен көруді жөн деп санадық.

Хабар 24 телеарнасы