389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда жарылыс пен шабуыл салдарынан 30 адам қаза тапты

  • 524
  • UPD: 07:34, 08.01.2019
Ауғанстанда жарылыс пен шабуыл салдарынан 30 адам қаза тапты

Ауғанстанның Пактика провинциясында жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 13-і жараланды. Әзірге қастандықты кімнің ұйымдастырғаны белгісіз.

Аймақтағы лаңкестік ұйымдар шабуылды мойндамай отыр. Сондай-ақ елдің солтүстік-батысындағы Багдис провинциясында да тәліптер америкалық сарбаздардың бекетіне шабуыл жасады. Салдарынан 20 шақты жауынгер мерт болған. Жергілікті басылымдар атыс кезінде 15 содырдың қаза тапқанын жазды. 

Айта кетейік, соңғы жылдары елдің шығыс және оңтүстік провинцияларында экстремистік топтар күш ала бастаған. Мұндағы дала командирлерінің көбі «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына» ант берген.

Хабар 24 телеарнасы