386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда медузалар жұртқа шабуыл жасады

  • 591
  • UPD: 13:52, 08.01.2019

Австралияда медузалар шабуылына байланысты жағажайлар жабылып жатыр. Квинсленд штатында бір ғана аптаның ішінде теңіз жануары 13 мың демалушыны шағып алған.

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Салдарынан жергілікті 5 жағажай жұмысын тоқтатты.

Айта кетейік, жануардың бұл түрі 15 сантиметрге дейін жетеді. Олар адамды суда да, құрғақ жерде де шағып алуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, медузаның уы адамдардың өміріне қауіпті емес. Дегенмен, шаққан кезде жанға батып, демалушылар жиі дәрігерге жүгініп жатады.

Хабар 24 телеарнасы