384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада жанармай дағдарысы туындады

  • 422
  • UPD: 14:16, 08.01.2019
Мексикада жанармай дағдарысы туындады

Бұндай жағдай бірден елдің алты штатында тіркелді. Десе де билік өкілдері тапшылықты мойындағысы келмейді.

Олардың айтуынша, қоймада жанармай жеткілікті. Ал бекеттердегі жоқшылық отынды тасмалдау жүйесін өзгерткеннен соң орын алған. Бұл ақпарды Пэмэкс ((Pemex)) мемлекеттік мұнай компаниясы растап отыр. Мамандардың айтуынша, билік өкілдері жанармай ұрлаушылардың жолын кесу үшін бірнеше жерасты тасымалдау жүйесін жауып тастаған. Қазір жанармай тек автоцистерна арқылы жеткізіледі. Қазір мексикалық әскерлер Pemex-тің Куликандағы және Саламанкадағы зауыттарын қатаң бақылауға алды.

Хабар 24 телеарнасы