386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда қарақшылық шабуылдар жиіледі

  • 377
  • UPD: 15:41, 08.01.2019
Бразилияда қарақшылық шабуылдар жиіледі

Бразилияның Форталеза қаласында қауіпсіздіктік шаралары күшейтілді. Өңірде жергілікті қылмыстық топтардың шабуыл жасау оқиғалары артқан.

Қаланың түрлі елді мекендерінде көліктерді өртеу қылмыстары тіркелген. Одан бөлек Форталезаның қаржы ғимараты мен полиция учаскелеріне шабуыл жасалған. Қауіпсіздік қызметі мамандарының айтуынша, бұған себеп билік өкілдерінің қылмыс деңгейін төмендету бойынша қабылдаған шешімі. Жаңа ережеге сай енді қылмыскерлер қай түрмеде бос орын болса, сонда жіберіледі. Ал бұған дейін әр қылмыстық топтың өз түрмесі болған. Елдегі қылмыстық жағдайдың ушыққаны сонша, әділет министрі Сергио Моро  бұл өңірлегерге 330 федералды қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлерін жіберді.

Хабар 24 телеарнасы