432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Финляндияда 70 тонналық мұздан алып қамал бой көтерді

  • 1163
Финляндияда 70 тонналық мұздан алып қамал бой көтерді Ivbg.ru

Лапландияда мұздан жасалынған Муми-тролльдердің алып қамалы бой көтерді.

Мамандардың айтуынша, оның жасалуына 20 мың кубометр қар мен 70 тонна мұз жұмсалған. Ерекше ертегі қалашығында дәмханалар мен лабиринт, сонымен қатар қысқы мүсін өнерінің мектебі мен сырғанауға арналған 50 метрлік төбешік орнатылған. Ертегі кейіпкерлері ойын-сауығымен келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алуда. Муми-тролльдердің қамалы наурыз айының соңына дейін ашық болады.

Хабар 24 телеарнасы