387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда қарлы бораннан босқындар зардап шекті

  • 421
  • UPD: 22:01, 09.01.2019
Ливанда қарлы бораннан босқындар зардап шекті

Қарлы боран мен жауын-шашыннан Ливанның көшелері суға толды. Салдарынан жолдарда көлік қатынасы тежелді.

Жергілікті БАҚ өкілдері табиғат апатынан ондаған мың сириялық босқынның зардап шеккенін хабарлады.  Себебі олардың көбі уақытша баспанада тұрады. Қалың қар түскендіктен жергілікті билік Бейрут пен Дамаскіні жалғайтын тас жолды жауып тастады. Сонымен қатар аймақта бірнеше оқу орыны жұмысын уақытша тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы