387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Ирландияда отбасы лотереядан 145 мың доллар ұтып алды

  • 728
  • UPD: 22:16, 09.01.2019

Солтүстік Ирландияда қарапайым отбасы «Еуромиллионс» (EuroMillions) лотереясынан джекпот ұтып алды. Оның көлемі 115 мың фунт немесе 145 мың долларды құрайды. Жеңімпаздар бүгінде ұтысын бөлісетін адамдардың тізімін де жасап үлгіріпті.

Патрик Конолли, лотерея жеңімпазы:

- Сәттілік серігің болсын деген осы шығар. Жеңгенімізді білген соң, барлық сандарды қайта тексере бастадым. Өз көзіме сенбедім. Сайтта бір ақау бар шығар деп ойладым. Содан BBС-дің сайтына өтіп қайта қарадым. Онда да сандар сәйкес келді. Абдырап, үшінші сайтты аштым. Жеңгеніме сонда ғана көзім жетті.

Фрэнсис Конолли, лотерея жеңімпазы:

- Мен жеңісіміз бірнеше фунт шығар деп ойладым. Өйткені осыдан бірнеше апта бұрын екі фунт алпыс пенс жеңіп алғанымыз бар еді. Жұбайым «біз жеңіске жеттік» дегенінде сенбедім. Бірақ оның көзіне қарап әзіл емес екенін түсіндім. Сонан соң жеңгенімізге сенбей бір-бірімізге 10 минуттай қарап отырдық.

Хабар 24 телеарнасы