424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мельбурндегі елшіліктер күдікті сәлемдеме алды

  • 1027
  • UPD: 22:35, 09.01.2019
Мельбурндегі елшіліктер күдікті сәлемдеме алды

Австралияның Мельбурн қаласындағы 14 елдің елшілігіне күдікті сәлемдеме келген. Ғимараттағы дипломаттар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше қауіпті сәлемдеме Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Үндістан, Жапония, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Германия, Грекия, Испания, Швейцария, Хорватия және Мысыр елдерінің дипломаттық кеңсесіне жіберілген. Оның сыртында «хатты бетпердемен аш» деген күдікті сөйлем жазылған. Қызметкерлер бірден құқық қоргау органдарына хабарласқан. Оқиға орнында Аустралияның федералды полициясы, құқық қорғау және құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы