Еуроодақта соңғы үш жылда 650 мың мигрант құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл Жерорта теңізіндегі заңсыз мигранттарды тасмалдауға қарсы бағытталған әскери-теңіз операциясының нәтижесі. Бұл туралы көші-қон, ішкі істер және азаматтық мәселесі бойынша еурокомиссар мәлімдеді. Оның айтуынша, аман қалған босқындардың басым бөлігі Африка мен Таяу Шығыстың азаматтары.
Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Еуроодаққа мүше елдер «София» миссиясын наурыз айына дейін созу шешімін қабылдаған еді. Операцияның басты мақсаты - Еуропаға Жерорта теңізі арқылы заңсыз өтпек болған босқындарды құтқару.