389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириялық күрдтер жасағы лаңкестік ұйымының 8 мүшесін тұтқынға алды

  • 449
  • UPD: 15:38, 10.01.2019
Сириялық күрдтер жасағы лаңкестік ұйымының 8 мүшесін тұтқынға алды Tengrinews

Сириялық күрдтер жасағы лаңкестік ұйымының 8 мүшесін тұтқынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ақпарат Сирияның солтүстігіндегі «Күрдтердің халықтық қорғау отряды» жасағының жеке твиттер парақшасында жарияланып отыр. Тұтқындалғандардың арасында 30 жастағы  қазақстандық азамат та бар деп жазылған. Болжам бойынша ол Ирак және Левант лаңкестік ұйымының мүшесі болуы мүмкін. Сонымен қатар Дейр-эз-Зор қаласының маңында ұйымдастырылған арнайы операциясы кезінде қолға түскендердің қатарында Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Германия, Украина мен АҚШ азаматтары да бар. Әзірше одан басқа мәлімет жоқ.

Хабар 24 телеарнасы