386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде әскери шеруге дронмен шабуыл жасалды

  • 330
  • UPD: 08:17, 11.01.2019
Йеменде әскери шеруге дронмен шабуыл жасалды

Йеменде хусит бүлікшілері президент Абд-Рабу Мансур Хади мен Сауд Арабиясы бастаған одақтас елдер күштерінің әскери шеруін дронмен шабуылдап, 5 адам қаза тапты.

Олардың арасында бір бригада генералы мен бірнеше офицер бар. Оқиға Лахидж провинциясында болды. Айта кетейік, Йемендегі соғыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Оған хусит бүлікшілерінің заңды президент Абд-Рабу Мансур Хадиді биліктен қуып, ел астанасы Сананы басып алуы түрткі болды. Ал 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған одақтас елдер президентті қолдап, қақтығысқа араласқан еді.

Хабар 24 телеарнасы