383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада 2008 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі төмендеген

  • 491
  • UPD: 09:01, 11.01.2019

Еуропалық статистикалық агенттік еуроаймақтағы жұмыссыздық бойынша өткен жылдың қараша айына сәйкес ақпаратты жариялады.

Құжатқа сай 2008 жылдан бері алғаш рет жұмыссыздық деңгейі төмендеп 7,9 процентті құраған. Ал Еуроодақ бойынша бұл көрсеткіш 6,7 процент. Ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Чехия, Германия және Нидерланды елдерінде тіркелген. Ал екі қолға бір күрек таппай жүргендердің басым бөлігі Испания мен Грекияда. 2018 жылдың қараша айындағы деректер бойынша ЕуроОдаққа мүше 28 елде 16 жарым миллион халық жұмыссыз көрінеді. Көбінесе 25 жасқа дейінгі еуропалықтардың нәпақа табуы қиынға соғады. Әсіресе Грекия, Испания, Италия жастарының 30 процентіне жұмыс табылмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы