382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Буэнос-Айрестегі ескі театр кітап дүкеніне айналды

  • 393
  • UPD: 08:32, 11.01.2019
Буэнос-Айрестегі ескі театр кітап дүкеніне айналды

Буэнос-Айрестегі ескі театр кітап дүкеніне өзгертіліп, саяхатшылардың ең көп келетін орынына айналған. Күн сайын мұнда жүздеген турист бас сұғады.

Олар 100 жыл бұрын салынған театрдың қазіргі жағдайын өз көзімен көруге құмар. Ал кезінде би шоуынан бастап, түрлі спектакльдер сахналанған әйгілі театр 90-жылдары экономикалық дағдарыс кезінде сүріліп тасталмақ та болған. Алайда «Эль Атенео» желісі ғимаратты сатып алып, жөндеуден өткізіп, кітап сүйер қауымның сүйікті орнына айналдырған. Ресми дерекке қарағанда бір жылда бұл дүкенге 1 миллионнан астам адам келеді.

Каролина Маротек, чилилік саяхатшы:

- Бұл күйеуіміз екеуіміз Аргентинада көргіміз келген көрікті орындардың бірі. Біз әдебиетті жақсы көреміз. Бұл өнерсүйер қауымның ғибадатханасы десе де болады. Ал дүкеннің ішкі интерьері көңілімнен шықты.

Хабар 24 телеарнасы