376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей банктерінде жаппай тексеріс жүргізіледі

  • 193
  • UPD: 09:29, 11.01.2019
Ресей банктерінде жаппай тексеріс жүргізіледі

Ресей банктерінде жаппай тексеріс жүргізілмек. Оны монополияға қарсы комитет қолға алмақ. Бұған ашылған салымдарға қатысты шарттардың өзгеруі себеп болды.

Мамандар қаржы ұйымдарының мұндай әрекеті - халықтың банктерге деген сенімін төмендетуі мүмкін дейді. Мәселен, өткен жылдың өзі оңай болған жоқ. Негізгі мөлшерлемелер артып, реттеуші тараптар шараларды қатаңдатты, және банк секторында санация процесі болды. Бұған қарамастан тұтынушылық несие алғандардың қатары көбейген. Ал, биылғы жылға сарапшылардың болжамы мәз емес. Себебі батыс елдерінің санкция салу және Орталық банктың ақша-несие саясатының одан әрі қатаңдату қаупі әлі де басым. Оған қоса халық кірісінің төмендеуіне байланысты болатын несие нарығындағы өзгерістер банктердің жағдайына кері әсер етуі мүмкін деген болжам жасалуда. 

Тимур Нигматуллин, қаржы сарапшысы:

- Егер тұтынушылық несие туралы айтатын болсақ, банктер тиімсіз қарыз беруі мүмкін. Егер экономикалық жағдай қиындай бастаса төлеу мерзімін өткізіп алу мөлшері артып кетуі ықтимал. Ол кезде шығынға батқан банктер банкротқа ұшырауы немесе Орталық банктың көмегіне жүгінуі мүмкін.  Санкциялардың салыну қаупін де айта кету керек. Ондай жағдайда негізгі мөлшерлемелер де артып кетеді.

Хабар 24 телеарнасы