389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияға қалың қар жауды

  • 645
  • UPD: 13:10, 11.01.2019
Германияға қалың қар жауды

Германияның Берхтесгаден қаласы қалың қар құрсауында қалды. Шаһар билігі аймақта төтенше жағдай жариялап, табиғат апатының салдарын жою үшін әскерилердің көмегіне жүгінді.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Австриямен шекаралас елді мекенде қар бірнеше күн қатарынан жауып жатыр. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша, алдағы күндері аймаққа одан да көп қар жауады. Табиғаттың тосын мінезінен мектептер бір апта бойы жабық. Теміржол қатынасы да тоқтап тұр.

Хабар 24 телеарнасы