384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда 6 қабатты ғимарат тұрғын үйдің үстіне құлады

  • 512
  • UPD: 14:06, 11.01.2019
Қытайда 6 қабатты ғимарат тұрғын үйдің үстіне құлады

Қытайдың Гуандун провинциясында жергілікті биліктің рұқсатынсыз салынған 6 қабатты ғимарат жақын маңда тұрған 5 қабатты тұрғын үйге опырылып құлап түсті.

Оқиғадан 81 жастағы қария қаза тапты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, марқұм үйінділер астында қалған. Мамандар қирандылардың астынан өзге адам табылмағанын айтады. Құтқару-іздестіру жұмыстары аяқталып қалды. Ал сапасыз салынған ғимараттың иесі қамауға алынды. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы