386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика полицейлері күзетке велосипедпен шығып жүр

  • 392
  • UPD: 14:14, 11.01.2019
Мексика полицейлері күзетке велосипедпен шығып жүр

Жанармай тапшылығына ұшыраған Мексикада тәртіп сақшылары төрт аяқты темір тұлпарларын екі аяқтыға ауыстырды.

Қазір ел астанасы Мехикода велосипед тепкен полицейлердің қатары күн санап артып келеді. Олар көбінесе қауіпті аудандарды күзетуге кіріскен. Бүгінде 8,5 млн халқы бар шаһарда 44 жанармай құю бекетінің 7-еуі ғана жұмысын жалғастырып жатыр. Оның өзінде ұзын-шұбақ кезектің шеті көрінбейді.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы кездері елде автокөліктерден жанармай ұрлау оқиғалары жиілеп кеткен.

Хабар 24 телеарнасы