378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айға қонған қытайлық аппарат кең көлемді фото жібере бастады

  • 423
  • UPD: 14:31, 11.01.2019
Айға қонған қытайлық аппарат кең көлемді фото жібере бастады

Қаңтар айының басында Айға қонған Қытайдың «Чанъэ-4» ғарыш аппараты кең көлемді суреттерді жібере бастады.

Бұл туралы Қытай ұлттық ғарыш басқармасы хабарлайды. Арнайы камера арқылы 360 градуста тұтас қамтылып түсірілген суреттер жерге «Цюэцяо» ретранслятор спутнигі арқылы жіберілген. Жергілікті ғалымдар суреттер арқылы ай қабатының минералды құрамын зерттеуге болатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы