383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта базардағы жойқын жарылыстан бір адам қаза тапты

  • 357
  • UPD: 23:15, 11.01.2019
Иракта базардағы жойқын жарылыстан бір адам қаза тапты ANNA-News

Ирактың батысында орналасқан базарда жарылыс болды. Салдарынан бір адам қаза тауып, 10 тұрғын жарақаттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Эль-Каим қаласындағы Анбар елді мекенінде тіркелді. Ал Arab News басылымының мәліметі бойынша қаза тапқандардың саны екеу, тағы 16 адам зардап шеккен. Олардың қатарында тәртіп сақшылары да бар көрінеді. Алдын ала ақпарлар бойынша базардың қақ ортасында автокөлік жарылған. Әзірге ешқандай лаңкестік ұйым бұл жарылысты өз мойнына алмады.

Хабар 24 телеарнасы