383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада қалың қардан тау шипажайлары жабылып жатыр

  • 626
  • UPD: 14:06, 12.01.2019
Еуропада қалың қардан тау шипажайлары жабылып жатыр

Еуропада қалың қар салдарынан таудағы шипажайлар жабылып жатыр.

Өйткені көшкін жүру қаупі бар.Жуырда Швейцарияның Сэнтис жотасында орналасқан қонақүйді қар басып, 3 адам жапа шекті. Құтқарушылар ондаған саяхатшыны эвакуациялады. Австрияда да дәл осындай жағдай. Мұнда қардың қалыңдығы 3 метрге дейін жетеді. Талдар мен электр бағаналары құлап, кей жерлерде көлік қозғалысы тұралаған. Мамандар Тироль мен Зальцбург өңірінде қар көшкіні жүру қауіпі бар екенін есертті. Ресми мәліметке қарағанда, апта басынан Австрия мен Германияда 12 адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы