386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль тұрғындары дрон ұшыру үшін емтихан тапсыратын болады

  • 576
  • UPD: 14:47, 12.01.2019
Израиль тұрғындары дрон ұшыру үшін емтихан тапсыратын болады

Израильде енді дроны бар тұлғалар ұшатын апаратты басқаруға рұқсат алуы керек.

Бұған елдің әуе кеңістігіндегі дронмен байланысты бірнеше келеңсіз оқиғаның тіркелуі себеп. Көлік министрлігінің айтуынша, жекеменшік дрондардың көптігі соншалық жабық аймақтарға қарамастан, қауіпсіздікке қатер төндіре бастаған. Бірақ Израильде дронды ұшыру қиынның қиыны болып саналады. Себебі қай жерге барма, әскери база, жабық аудан, әуежай немесе жекеменшік жерге тап боласың. Бұл шектеулерге енді дронды ұшыруға рұқсат ететін арнайы қағаз қосылмақ. 

Энди Эфимович, дрон иесі:

– Дронның ұшуына шектеу қойылған басты орын – әуежай және оның маңындағы 3 шақырымға созылған аумақ. Осымен бірге адамдар көп шоғырланған алаңдар және көшелермен де құрылғыны ұшыруға тыйым салынған. Себебі олар құлап адамдарды жаралы етуі мүмкін.

Жалпы Израильде жергілікті заң бойынша дронды 50 метр биіктен жоғары көтеруге тыйым салынған. Ал елдегі арнайы қызмет органдары дрондар базалардың қасына жақын ұшпау үшін оларды өшіріп тастайтын арнайы құралдар қолданады.

Хабар 24 телеарнасы