383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Македония парламенті ел атауын өзгертуді қолдады

  • 549
  • UPD: 11:50, 13.01.2019
Македония парламенті ел атауын өзгертуді қолдады

Македония парламенті елдің атауын «Солтүстік Македония Республикасы» деп өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған қатысты ел конституциясына енгізілген өзгертулерді 120 депутаттың 81-і қолдап дауыс берді. Бірақ оппозиция оған бойкот жариялады. Себебі олар бұл екі ұйымға кіру үшін ел атауын өзгерту дұрыс емес деген пікірде.

Айта кеткен жөн, Македония билігі мұндай қадамға Грекиямен 30 жылға созылған дауды шешу үшін барған болатын. Себебі, Грекия өзінің осы аттас облысымен шатастырмас үшін Македониядан өз елінің атауын өзгертуді талап еткен. Сөйтіп, бұл мемлекеттің Еуроодақ пен НАТО-ға мүше болуына қарсы шығып келген еді. Ел атауына қатысты дау-дамай көп жылға созылып, тек өткен жылы ғана тараптар ортақ келісімге келді.

Хабар 24 телеарнасы